• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Маусым, 2017

 «Үркер-2017»  лауреаттары 28 маусымда марапатталады

138 рет
көрсетілді

Баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер-2017» ұлттық сыйлыққа қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 2017 жылдың 10 маусымына дейін ұзартылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев мәлімдеді.

«Баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер-2017» ұлттық сыйлыққа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау www.urker-2017.el.kz сайтында жалғасып келеді, сыйлықтың мақсаты еліміздің талантты журналистері мен сапалы медиа-жобаларын анықтау және марапаттау», деді вице-министр.

«Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы Е. Кочетовтың сөзінше сыйлықтың жүлде қоры – 15 миллион теңге. «15 номинация бойынша әрбір жеңімпаз 1 000 000 теңгеден алатын болады. 7 мамырынан бастап баспасөз, радио және интернет-журналистика саласында қалам тербеп жүрген қауымға арналған мәртебелі сыйлыққа қатысуға 300-ден аса өтініш қабылданғанын атап өту қажет. Үміткерлер әсіресе «Үздік сұхбат», «Үздік фотосурет», «Үздік репортаж» аталымдары бойынша бақтарын сынап көруге пейілді» деді спикер.  

Е. Кочетовтың мәліметінше қазіргі уақытта «Журналистикадағы дебют», «Үздік республикалық баспа басылым», «Үздік жыл журналы», «Үздік өңірлік баспа басылым», «Қазнеттегі медиасерпін» номинациялары бойынша үміткерлер саны аз болып отыр.  

Спикер, сыйлықтың лауреаттарын марапаттау рәсімі байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – 28 маусым күні салтанатты жағдайда өтетінін атап өтті.

Аталған шараның ұйымдастырушысы – «Қазконтент» АҚ. Ал, сыйлықтың құрылтайшысы - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі.  

Рауан Қайдар,

"Егемен Қазақстан"